Еліміздің Бас прокуроры тағайындалды
Еліміздің Бас прокуроры тағайындалды. Бүгіннен бастап бұл қызметті Берік Асылов атқарады. Оны тағайындау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын сенат депутаттары бірауыздан қолдады. Бұған дейін 58 жастағы генерал-лейтенант Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
Мемлекет басшысы бейне-байланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған Бас прокурорды ұжымға таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарына қазір жүктеліп отырған ең үлкен міндет – Қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру екенін айтты. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын сақтау, кінәлілерге шара қабылдау, әрбір хабарламаға дер кезінде мән беру және тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат тарату жөнінде тапсырма берді. Бұдан бөлек, Бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет, деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде үздік тауарлардың көрмесі өтті
15.06.2026, 20:54
Президент Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына енуімен құттықтады
15.06.2026, 20:52
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының ресми мүшесі атанды
15.06.2026, 20:50
ӘЧ-2026: Ф тобындағы алғашқы ойын тартысты өтті
15.06.2026, 20:47
Интернетте балағат сөз қолданғандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек
15.06.2026, 20:18
Цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді
15.06.2026, 20:17
«Әділет» партиясының филиалдары еліміздің барлық өңірінде құрылады
15.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясы AMANAT-тың басшылығы мен мүшелеріне алғыс айтты
15.06.2026, 20:10