Дезинфекциядан кейін азық-түлік жарамсыз болып қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дезинфекциядан кейін азық-түлік жарамсыз болып қалуы мүмкін

03.03.2022

Көкшетауда «Рубин» деп аталатын ірі сауда орталығындағы дезинфекциядан кейін тұрғындар азық-түлік сатып алуға жүрексініп отыр. Себебі, зиянкестерді улаған химиялық қосынды тамаққа түсіп кетуі мүмкін.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Залалсыздандыру кезінде тауарлардың дұрыс жабылмағанын байқауға болады. Дезинфекция жасаған компания улы сұйықтық азық-түлікке түссе, қауіпті екенін жоққа шығармайды. Сондықтан тексеріс басталды. Сараптамаға бірнеше тауарлар алынды.

Бота Әлиева, «Көкшетау-дезинфекция» серістестігі директорының орынбасары:

Ол жігітке біз сөгіс жарияладық. Ал енді бутиктардың тауарларының дұрыс жаппай, дұрыс қымтап дайын болмағанына оған өздерінің арендаторлардың өздерінің кінәсі деп ойлаймын. 

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу