Қаңтар оқиғасына қатысқан әрбір адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі - Ерлан Қошанов
Бауырлас елдердің бір-бірімен соғысып жатқанын көру қиын. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов/ Украина мен Ресейге қатысты осылай деді. Спикер осы жағдайды шешу үшін Қазақстан қандай үлес қоса алатынын айтты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Украина мен Ресей біздің бауырлас елдер. Бізге осы шиеленіс ауыр тиіп отыр. Адамдардың өмірі қиылып, қалалардың талқандалып жатқаны - қиын жағдай. Қазақстан қалай көмектесе алады? Кеше Мемлекет басшысы тиісті мәлімдеме жасады. Біз келіссөз жүргізуге көмектесіп, тиісті алаңды ұсына аламыз.
Ерлан Қошанов елімізде Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдар бойынша сұрақтарға да жауап берді. Тергеу аяқталғаннан кейін әрбір азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты. Қақтығыс кезінде қайтыс болғандардың аты-жөні не себептен әлі күнге дейін жарияланбай жатқанын түсіндірді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Аты-жөнін жариялау үшін тергеу амалдары жүріп жатқанын айттым. Бүгінгі күні қанша адам полиция қызметкері, әскерилер, бейбіт тұрғындар, соның ішінде мерт болғандардың көбі террористер, соның бәрінің анық-қанығын білу үшін, жариялау үшін, тергеу амалдарының құпиясы деген болады, соның бәрі аяқталғаннан кейін жарияланады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті
24.10.2025, 11:22
Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті
24.10.2025, 09:59
СҚО-да кәсіпкер туған ауылына балбақша мен мәдениет үйін салып берді
24.10.2025, 09:57
Алматыда жауапсыз мердігерлердің «қара тізімі» құрылуы мүмкін
24.10.2025, 09:56
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі аптада Оңтүстік Кореяда кездеседі
24.10.2025, 09:54
Еуропа одағы Украинаны алдағы екі жылда қаржылай қолдауға келісті
24.10.2025, 09:53
Жасанды интеллект алаяқтардың жаңа құралына айналды
24.10.2025, 09:52
Ақтөбе облысындағы жол апатына байланысты Үкіметтік комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді
24.10.2025, 09:50