Бүгін Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды

02.03.2022

Бүгін Қазақстанның Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болуына тура 30 жыл. Осыған орай елордада көрме ашылды. Онда еліміздің сыртқы саясатынан сыр шертетін түрлі тарихи құжаттар, ресми хаттар көпшілік назарына ұсынылды. Шетелдік өкілдер Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіру процесін куәландыратын құжаттарға көз жүгіртіп, еліміздің алғашқы жылдардағы дипломатиясы туралы жылы лебізін білдірді.

Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

Көрмедегі фотосуреттер тарихқа тұнып тұр. Қазақстанның Тәуелсіздігінің алғашқы айлары мен күндерінде суретке түскен азаматтардың жүздерінен ерекше сезім байқалады. Сол кезде Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, өзге елдермен әріптестік орнатудың алғашқы баспалдағы еді.


Хабарламаларға жазылу