Партия популизммен айналыспауы керек - Қ.Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партия популизммен айналыспауы керек - Қ.Тоқаев

01.03.2022

Десе де партияның жұмысын жаңғырту үшін ребрендинг жасау жеткіліксіз, деді Мемлекет басшысы. Саяси ұйым шын мәнінде аманатты арқалап, халық мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Президент популизммен айналыспау керегін қатаң ескертті. Және Үкімет мүшелері мен депутаттардың шынайы келбетін көрсететін рейтинг түзу керегін де айтты. Парламент ашық пікір айтылатын алаңға айналуы тиіс. Халыққа құрғақ уәделер қажет емес. Халық нақты іс әрекет күтіп отыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, Президент кезектен тыс 22-съездің дәл бүгін өтуі бекер емес деді. Мұның символдық мәні бар. 23 жыл бұрын дәл осы күні «Nur Otan» партиясы құрылған еді. Енді 1-наурыз Аманат болып, қайтадан түлеп отыр, деді Төраға.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Партия аппаратының жұмысында бюрократия орын алып отыр. Саяси құрылымдағы өзгеріс орталық аппараттан басталуы керек. Қажетсіз түрлі форумдар мен іс-шараларды өткізу сайлаушылардың мұң-мұқтажын екінші орынға қойып отыр. Сондықтан, орталық аппараттың филиалдармен және бастауыш ұйымдарымен қарым-қатынас орнату әдістерін қайта қарау қажет. Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдар халықмен өздері де жұмыс істей алады. Орталық аппарат директивті басқарудан арылуы тиіс. Оның міндеті - идеологиялық қолдау көрсету, кадрлар дайындау және жүйелі мәселелерді талдау.


Хабарламаларға жазылу