Украина-Ресей келіссөзі жалғасуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина-Ресей келіссөзі жалғасуы мүмкін

01.03.2022

Украина мен Ресей өкілдері арасындағы келіссөз аяқталды. Украина тарапы келіссөздің ауыр өткенін, алайда ешқандай ультиматум қойылмағанын мәлімдеді. Киевтің шарты - Украина жерінен Ресей әскерін шығару және атысты тоқтату. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский болса, талқылауға тақырыптар табылғанын айтты. Кейбір мәліметтерге сай, келіссөзің екінші раунды өтуі мүмкін.

Киев, Херсон және Харковь қалаларында қақтығыс жүріп жатыр

Украина өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей әскері қазір Херсон қаласына шабуылдап жатыр. Әуежай маңында жарылыс жаңғырығы естіледі. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қала қоршауға алынған. Сонымен бірге спутниктен түсірілген суреттерде Ресей әскери колоннасы Киевтің солтүстігінде 64 шақырымға созылып жатқаны көрінеді. BBC-дің мәліметінше, елдің екінші ірі қаласы Харьковке зымырандардан оқ жаудырылып, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу