Спорт саңлақтары Астана күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт саңлақтары Астана күнімен құттықтады

02.07.2014
Спорт саңлақтары Астана күнімен құттықтады

«Әсемдігі мен асқақтығы үйлескен Астана - Қазақ елінің бет-бейнесі, барша қазақстандықтың мақтанышы. Сондықтан, әр азамат үшін оның орны ерек».

Мереке қарсаңында жүрекжарды лебіздерімен бөліскен спорт саңлақтары осылай дейді.

Илья Ильин, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы:

Бұл жер - менің спорттық базам десем болады. Астана мен үшін жайлы әрі жылы ұя секілді. Астанамыздың көркейіп келе жатқанына қуаныштымын. Елордамыз мұнан әрі гүлдене берсін. Біз, астаналықтар сүйікті қаламызды аялап, бір үйдің адамдары секілді тату өмір сүрейік. Елордалықтар, мереке құтты болсын! Толайым табыс тілеймін!

Әлия Юсупова, көркем гимнастикадан халықаралық спорт шебері:

Бәріңізді Астана мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға тек қана жақсылық, денсаулық тілеймін. Аспанымыз әрқашан ашық болсын. Астанамыз өсе берсін.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу