Елорданың кішкентай тұрғындары астаналықтарды қала күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың кішкентай тұрғындары астаналықтарды қала күнімен құттықтады

02.07.2014
Елорданың кішкентай тұрғындары астаналықтарды қала күнімен құттықтады

Бүгін Елорданың кішкентай тұрғындары астаналықтарды қала күнімен құттықтады.

Олар бас қаланың 16 жылдығына арнап, «Астана-арман қала» атты концерт өткізді.

Оған қалалық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 4 пен 5 жас аралығындағы 40-қа жуық балғын қатысты.

Бүлдіршіндер Елордаға арнап, ән шырқады, тақпақ айтты, тіпті, мың бұрала би де биледі.

Ал, балғындардың бал қылығына тәнті болған ата-аналар оларға арнайы сыйлықтар үйлестірді.

Айта кетейік, балақайлардың қала күні қарсаңында тұрғындарды құттықтауы - дәстүрлі шара. Ол  Тұңғыш Президент Музейінің мұрындық болуымен  жыл сайын ұйымдастырылады.

Меруерт  Рүстембекова, балабақша тәрбиеленушісі:

Ұлы тұлға Нұраға,

Сөзімнің басы бір Алла.

Орнында өмір тұра ма?

Ержүрек батыр болмаса,

Қазақтың басын құра ма?!

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу