Ұлттық банк рубльдің теңгеге қалай әсер ететініне қатысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк рубльдің теңгеге қалай әсер ететініне қатысты мәлімдеме жасады

28.02.2022

Рубльдің теңгеге әсерін азайту үшін Ұлттық банк валюталық интервенциялар жасауға мүдделі. Интервенциялардың көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты. Ұлттық Банктің мәлімдеуінше, икемді айырбас бағамы алтын валюта қорының сақталуына ықпал етеді. Еліміздің қазіргі алтын валюта қорының деңгейі 8,8 айлық импорт көлемін жабуға жетеді. Алдағы күндері рубльдің құбылып, құлдырау қаупі жоғары. Оған АҚШ-тың, Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канадамен  бірлесіп, Ресейге қатысты санкция жариялауы себеп. Сондай-ақ кейбір Ресей банктері мен Орталық банкін SWIFT жүйесінен ажырату шешімі әсер етіп отыр. Бұған қоса халықаралық санкциялардан кейін S & P Global Ratings агенттігі Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін «инвестициялық емес» деңгейіне дейін түсіріп тастады. 

Хабарламаларға жазылу