Әли Бектаев: Еліміздегі бау-бақша дақылдарының өнімділігі өте төмен
Елімізге жыл сайын 230 мың тонна жеміс-жидек сырттан келеді. Ал өзімізде өсірілетіні қымбат. Бау мен базар арасындағы баға айырмашылығы 3,5 есе. Мысалы шаруа алманың келісін 150-ден өткізеді. Бірақ, делдалдар арқылы ол 500 теңгеден сатылады. Жалпы, халықтың жеміс-жидекті тұтынудың жылдық өлшемі 2 жарым млн тонна болуы тиіс. Өкініштісі сол: қазір халықтың 17 пайызын ғана қамтып отырмыз. Негізі бақшаны жайқалту денсаулыққа ғана емес, экономикаға да пайдасы зор, - дейді депутат. Майлы дақылдар және астық шаруашылығымен салыстырғанда едәуір табыс түсіреді. Сондықтан бау-бақша өсірудің салалық бағдарламасын қабылдап, жер бөлуге тиімді заң бекіту керек.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Еліміздегі бау-бақша дақылдарының өнімділігі өте төмен, гектарына 7-8 тоннадан аспайды. «Еліміздегі бар болғаны 8 алма өңдеу кәсіпорнының қуаттылығы 37 пайыз ғана қамтылған. Бізде бау-бақша мен жүзім шаруашылығын мемлекеттік қолдау нашар. Соңғы 15 жылда осы өндіріспен айналысатын 1500 шаруашылықтың 2,5 пайызы ғана жеңілдетілген несие алған. Ал екінші деңгейдегі банктер тек екі жобаны қаржыландырған. Осы аралықта өсімдік шаруашылығына бөлінген субсидияның 0,02 пайызы ғана бау-бақшаға бағытталған.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13