Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған үш күдікті ұсталды
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен үш адам ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, олар арнайы іс-шара кезінде қолға түскен. Ұрланған қарулардың бір бөлігі «Достық» шағын ауданынан, ал екіншісі – Алматы облысының Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен тәркіленді. Олардың сөзінше 5 қаңтар күні «Камерад» аңшылық дүкенін тонауға қатысқан. Қолды еткен заттарды үйдің жертөлесіне тығып, үстін құммен бастырған. Тінту кезінде әртүрлі маркадағы төрт тегіс ұңғылы мылтық, автомат, 720 патрон, бес аңшылық пышақ, арбалет, оптикалық көздеуіш және оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін толық мойындаған. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09