Қостанайда карантин талаптары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда карантин талаптары жеңілдетілді

23.02.2022

Қостанайда карантин талаптары жеңілдетілді. Енді қоғамдық көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ. Елді мекендер арасында жеке көлікпен кез келген уақытта жүруге болады. Алайда медициналық маска кию мен зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу міндетті. Сонымен қатар көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларға да рұқсат берілді. Егер толық вакцина алғаны туралы мәлімет ұсына алса шетелден келушілер де енді ПЦР анықтамасыз ел аумағына кіре алады. Қостанай облысы қазір «сары» аймақта. Соңғы тәулікте вирус 42 адамнан анықталған.

Ермұханбет Дәулетбаев, облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы:

Карантин жариялауға да дифференциялық тәсілді қолданамыз. Яғни инкубациялық мерзімде ауырғандар саны 30 пайызға жетуі керек. Мысалы бір сыныпта 30 оқушы болса, соның 10-ы ауырғанда ғана сынып карантинге жіберіледі.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу