Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты деректі фильмі көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты деректі фильмі көрерменге жол тартады

23.02.2022
Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты деректі фильмі көрерменге жол тартады

Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» жаңа деректі фильмі көрерменге жол тартады. Жоба Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің жалғасы болып табылады.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты фильмде көрермен назарына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың эксклюзивті сұхбаттары ұсынылады. Фильм мародерлар туралы жаңа фактілерді ашып, олардың өзіндік пікірлерін ашып көрсетеді.

«Қазір қоғамға елімізде туындаған қиындықтар кезінде өз пайдасын ойлаған мародерлардың іс-әрекеті - күрделі мәселе екенін түсіндіру өте маңызды. Фильмнің мақсаты - мародерлардың әрекеттерін ашық көрсетіп, олардың көзқарастарын, қылмыс жасауға ненің итермелегенін білу болды. Адамдарға жазаның қолданылмай қалмайтынын түсіндіру қажет», - деді жоба авторы Айгүл Әділова.

«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» деректі фильмінің көрсетілімін бүгін, 23 ақпан күні, сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан жіберіп алмаңыздар.

Хабарламаларға жазылу