Бүгін Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына есеп берді

21.02.2022

«Самұрық-Қазына» қорын реформалау жұмысы қалай жүріп жатыр? Бүгін Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына есеп берді. Ол энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай ақ Президент Қызылорда облысының әкімін қабылдады. Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше. облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері артқан. Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылған. Сондай-ақ кездесу барысында Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы сынды өзекті проблемалар баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев түйіткілді мәселелерді шешу үшін Үкіметпен бірлесіп әрекет ету жөнінде тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу