Конькимен жүгіру:
Бүгін бұл спорт түрінен соңғы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ерлер және әйелдер масс-стартта жүлдеге таласты. Бұл дистанцияда ел намысын ерлі-зайыпты Дмитрий-Надежда Морозовтар қорғады.
Дмитрий Морозов жартылай финалдық бәсекеде 10-орынға табан тіреді. Спортышымыз спринтте бірнеше ұпайға ие болғанымен, қорытынды нәтижеде финалға шыға алмады.
Ал Надежда екінші жартылай финалда 8:42.23 уақыт көрсеткішімен үздік сегіздіктің қатарынан көрінді. Спортшымыз осылайша финалға сынға жолдама алған еді. Дегенмен финалда Надежда Морозова 14-орыннан көрінді.
Финалдық бәсекеде Надежда 8:21.05 уақыт нәтижесін көрсетті.
Шаңғы жарысы:
Бейжің қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы 50 шақырымдық масс-старт жарысы 30 шақырымға қысқартылды.
Бұл жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Евгений Величко мәре сызығын 43-ші болып кесті.