Премьер-Министр Президент кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Президент кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

18.02.2022

Жаңа экономикалық саясат үш бағытта іске асырылады. Біріншісі – әлеуетті көтеру реформасының стратегиясы мен бағдарламалары жетілдіріледі. Сондай-ақ мемлекеттік басқару, коммуникация және брендке мән берілуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің Президент кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесуінде мәлім болды. Олар 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын әзірлеу турасында әңгімелесті. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды қаржыландыру тетігін дайындайды.

Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірлігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен де кездесті. Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Былтыр аралық тауар айналым 700 млн доллардан асқан. Премьер-Министр өзара қатынасты жандандыруға мүдделі екенін айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығының әмірліктің ірі қаржы институттарымен, оның ішінде «Abu Dhabi Global Market» қаржы орталығымен белсенді іс-қимылды жалғастыру аса маңызды»,-деді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу