Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде тарған азаптау фактілері туралы пікір білдірді.
«Бұл мәселе туралы жақсы білемін. Кейбір азаматтар менің атымнан бейнеүндеу жазып, әлеуметтік желіде таратып жатыр. Мұны да біліп отырмын. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға арнайы тапсырма бердім. «Шаш ал десе, бас алатын» әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамдық комиссиялар жұмысына да кірісіп кетті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, белгілі құқық қорғаушылар Айман Омарова бар, Жеңіс Тұрмағанбетова, Абзал Құспан және басқа да заңгерлер жиналып, арнайы комиссия құрды. Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Оларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, қақымыз да жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.