Атырауда мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры ұсталды

17.02.2022

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Шухрат Данбай ұсталды. Бейресми ақпарат көздері таратқан мәлімет бойынша,ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Тексеру барысында зауыттың кредиторларға 600 млрд теңге берешек екені, ал жылдық табысы — бұл қарыздың бір бөлігін жабуға да жетпейтіні анықталған. Қазір тағы бірнеше күмәнді іс-әрекеттер бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Жандос Темірғалиев

Хабарламаларға жазылу