Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қойшы 20 күннен бері табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қойшы 20 күннен бері табылмады

14.02.2022

Атырау облысында қыстақтан аудан орталығына кеткен қойшы із-түссіз жоғалып кетті. Оқиға Жылыой ауданындағы Сарықасқа учаскесінде болды. 1956 жылғы тұрғын 90 шақырым қашықтықтағы Құлсары қаласына 27 қаңтар күні жаяу шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ. Қазір қойшыны төтенше жағдай қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің мамандары және ауыл тұрғындары іздестіріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу