ҚСЗИ: Халықтың 90% шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу бастамасын қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚСЗИ: Халықтың 90% шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу бастамасын қолдады

12.02.2022
ҚСЗИ: Халықтың 90% шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу бастамасын қолдады

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 2022 жылдың қаңтарындағы сауалнама нәтижесі:

1. Қазақстандықтардың 78,2%-ы Мемлекет басшысына, қазақстандық армияға 71,6%-ы, елдімекендердің жергілікті әкімдеріне 61,9%-ы сенім білдіреді.

2. ҚСЗИ деректері бойынша, Президенттің 2022 жылғы 11 қаңтарда айтқан бастамаларының арасында халықтың мемлекеттік қызмет жұмысына қолжетімділігін арттыру (92,6%), инфляцияны 3-4% (91,8%) деңгейінде сақтау, елден ақша қаражатын негізсіз шығаруды бақылау (91,3%) және діни экстремизмге қарсы күрес (90,0%) бойынша шаралар жоғары қолдау алды.

3. ҚСЗИ зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, халықтың 94,1%-ы Мемлекет басшысының елдің күштік құрылымдарының (Қарулы күштер, құқық қорғау органдары, Сыртқы барлау) жұмысын қайта құру қажеттілігі туралы бастамасын қолдайды.

4. ҚСЗИ жүргізген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, халықтың 96,1%-ы ауру балаларға және халықтың басқа да мұқтаж әлеуметтік санаттарына көмек көрсетуге бағытталған Президенттің «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоғамдық қорын құру туралы идеясымен келіседі.

5. ҚСЗИ деректері бойынша, респонденттердің 90%-дан астамы Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылға қарай Қазақстанда әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының, бірінші кезекте техникалық жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу туралы бастамасын біржақты қолдады.

Хабарламаларға жазылу