Шетелдік компаниялардың салығына қатысты негізсіз жеңілдікті алу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік компаниялардың салығына қатысты негізсіз жеңілдікті алу ұсынылды

10.02.2022

Шетелдік компаниялардың салық төлеуіне қатысты барлық негізсіз жеңілдікті алып тастау керек. Депутаттар капиталдың шетелге заңсыз кетуіне қарсы күресті күшейтуді талап етті. Олар қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. Ол ақшаны шетелге шығаруды қысқартуға, бюджетке қаражат түсімін арттыруға мүмкіндік береді. Нұрлан Бекеновтың сөзінше, биыл ақшасын елден алып кеткендер көбейген. Қаңтарда банктер 248 рет трансшекаралық төлем жүргізуден бас тартқан. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Нұрлан Бекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұл нормалар еліміздің активтерін қорғау үшін аса қажет. Шетелдерден салықтан жалтару жолдарын іздемейтін адал бизнес үшін мұндай ережелер қиындық туғызбайды. Бізге жаңа салық саясаты керек екенін Президенттің өзі де айтқан. Бизнеске де, Үкіметке де түсінікті, ашық саясат керек.


Хабарламаларға жазылу