АҚШ-та есеп-шот ашқандар туралы ақпарат алу оңтайланбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та есеп-шот ашқандар туралы ақпарат алу оңтайланбақ

10.02.2022

Енді АҚШ-та есеп-шот ашқандар туралы ақпарат алу оңтайланбақ. Бүгін Сенат Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялады. Құжаттың артықшылықтары қандай?

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Бүгін Сенат отырысында ең әуелі депутат болып сайланған Ләззат Молдабекқызы ант берді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың Парламенттің депутаты болуы тәуелсіз ел тарихында алғаш рет. Ләззат Молдабекқызын көпшілік белсенді қоғам қайраткері ретінде жақсы таниды. Ол жуырда Президент жарлығымен Парламенттің Сенат депутаты болып тағайындалған. Ал қабылданған заңға келетін болсақ, енді АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарының есепшоттары қатаң қадағаланады. Әрі отандастарымыз ол жақта жүріп те салық төлеуден жалтара алмайды. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін түсімдерді арттыруға сеп. Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтерін қамтиды. Осы режимге қосылмаған жағдайда, халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-ы ұсталуы мүмкін. Келісімге сәйкес, біздің тарап елде шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы да ақпаратты беруге міндетті. Заң шетелдегі қаржы жүйесін бақылауға, АҚШ-тағы Қазақстанның резиденттері және азаматтары туралы тиісті ақпарат алуға, Қазақстан қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Толығырақ кешкі жаңалықтар айтамыз.


Хабарламаларға жазылу