Алматы облысында 38 білім беру нысаны салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 38 білім беру нысаны салынады

08.02.2022

Алматы облысында биыл 38 білім нысанының құрылысы басталады. Олардың 31-і мектеп. Осылайша аймақта апатты мектеп мәселесі толық шешіледі. Мұнан бөлек 19 нысан пайдалануға берілмек. Сондай-ақ өңірде 2025 жылға дейін үш ауысымды мектеп проблемасын шешудің кешенді жоспары құрылды. Биыл облыстың білім беру саласына 408 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек. 300 елді-мекендегі 19 мыңға жуық оқушыны тасымалдау мәселесі оң шешімін тапқан. Осы жылы қосымша 43 автобус сатып алу жоспарланған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 205 мектеп Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Яғни, бейнебақылау камералары орнатылған.

Жаңыл Сүлейменова, облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда бізде облыс бойынша 54 мектеп үш ауысымды. Былтыр май айында 49 болған. Жаз уақытында 1 қыркүйекке тағы 11-і қосылып сонымен 54 қалып отыр. Жылына ең аз дегенде 49-50 мың нәресте келеді өмірге. Сол үшін біз 2025 жылға дейін 115 мектеп салу керекпіз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу