Бүгін Әйелдер арасындағы еркін стильдегі спринт жарысының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Надежда Степашкина мәре сызығын 51-ші болып кесті.
Ангелина Шурыга 60, Ксения Шалыгина 67, ал Ирина Быкова 68-орын алып, іріктеу кезеңінен өте алмады.
Жарысты жалғастыру үшін үздік 30 спортшының қатарына енуі керек еді.
Енді шаңғышылар 10 ақпан күні 10 шақырымдық классикалық жарысқа қатысады.