Павлодар облысында вакцина паспортын саудалаған қызметкерлерге кешірім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында вакцина паспортын саудалаған қызметкерлерге кешірім жасалды

08.02.2022

Павлодар облысында жүздеген вакцина паспортын сатқан дәрігерлер де, сатып алған азаматтар да амнистияға ілігіп, жазадан құтылып кетті. Былтыр, шілде айында облыс орталығындағы екі емхананың қызметкерлері ұсталған еді. Олардың арасында медициналық мекеменің меңгерушісі, дәрігер және екі медбике болды. Тергеу барысында олар қылмыс жасағандарын мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды толықтай өтеді. Дерекке қарағанда олар вакцина пастортын 10 мың теңгеден 20 мың теңге аралығында сатқан. Орташа ауыр қылмыстық істі полиция сотқа жібермей «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған амнистия» шеңберінде тоқтатты.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу