Щучинск қаласында өрттен алты көлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучинск қаласында өрттен алты көлік жанып кетті

07.02.2022

Ақмола облысының Щучинск қаласында модульдік блок-контейнер түріндегі гаражда өрт болып, іште тұрған «Газель» маркалы алты көлік жанып кетті. Өрт кеше таңғы сағат 8 шамасында басталған. Қызыл жалын 1 сағат 10 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 290 шаршы метр болды. Тілсіз жаумен күреске 4 арнайы техника мен 20 адам жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Шығын көлемі де есептеліп жатыр.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу