Алматыда түнде дүкен тонағандар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда түнде дүкен тонағандар іздестіріліп жатыр

03.02.2022

Алматыда түн ортасында дүкен тонаған күдіктілер іздестіріліп жатыр. Панфилов және Мәметов көшелерінің қиылысындағы бизнес нысанды белгісіз біреулер тонап кеткен. Ұрылардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодан екі жігіттің алдымен есікті сындырмақ болғанын көруге болады. Бірақ бұл әрекеттерінен түк шықпайды. Содан соң олар кірпішпен есіктің терезесін шағып, ішке кіреді. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалып, күдіктілер іздестірілуде.


Хабарламаларға жазылу