Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен сөйлесті

03.02.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты алаңдаушылық білдіргені үшін Иран президенті мен халқына ризашылығын жеткізді. Бұл туралы Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты.

Мемлекет басшысы елімізде жағдайдың тұрақталғанын атап өтті. Президенттер екі ел арасында ынтымақтастықтың түрлі салалары бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгеніне тоқталды. Қазақстан мен Иран басшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.


Хабарламаларға жазылу