Депозит мөлшермесі өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депозит мөлшермесі өсті

02.02.2022

Десе де елімізде инфляция өсіп барады. Қаңтарда оның деңгейі тағы 0,1 пайызға өсті. Негізі 2021 жыл 8,4 процентпен аяқталған еді. Қазір жалпы көрсеткіш 8,5 пайызға жетіп отыр. Бұған қазіргі экономикалық ахуал, әсіресе қымбатшылық әсер еткен. Бірақ инфляцияны тежеп, 4-6 пайыздық дәлізге қайтару үшін ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Инфляцияның кесірінен салымшылардың ақшасы күйіп кетпеуі үшін өткен аптада базалық мөлшерлеме 0,5 пайызға көтерілген еді. Бүгін Депозиттерге кепілдік беру қоры бір жылдық шұғыл депозиттердің мөлшерлемесін тағы 0,3 процентке өсірді.


Хабарламаларға жазылу