Оқытушылар үздік зертханаларда тағылымдамадан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқытушылар үздік зертханаларда тағылымдамадан өтеді

02.02.2022

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары бірігіп, білікті кадрлар дайындайды. Бұл мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болмақ.

Бүгін Алматыда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен форум өтіп, тараптар меморандумға қол қойды. Қабылданған шешім аясында 500 жаңа бағдарлама әзірленбек.

Биылдан бастап ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары 300-ден астам оқу орнында жұмысқа тартылады. Олар студенттерге дәріс оқу, сабақ беру, диссертацияларға жетекшілік етіп, резенция жазады. Мамандарға отандық және шет елдердегі теңдессіз ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге, тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Бізде кейбір зертхана, құрылғы жетіспесе, сол үздік институттарға барып, зерттеу жүргізіп, зертханаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық шығын мемлекет көтереді. Сондықтан бұл өте керемет бастама. Бұл еліміздің ғылыми әлеуетін біршама көтеруге үлкен септігін тигізетіне сөзсіз.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу