Қаламгерлер қоғамды жұмылып әрекет етуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламгерлер қоғамды жұмылып әрекет етуге шақырды

01.02.2022

Көкейдегі көп күмән сейілді. Өйткені, мемлекет басшысы елді елеңдеткен сауалдарға нақты жауап берді дейді қаламгерлер. Олардың пікірінше, «Жаңа қоғам», «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы мақсат айқындалды. Ендігі меже, Президент бастамаларының іске асуына қоғам болып жұмыла атсалысу.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:

Қандай құрылымдар, структуралар бар. Ол үшін оның алғышарттары неден басталуы керек. Міне, осыған тоқталып өттідағы біраз көңілімді қанағаттандырғандай болды. Өзі 2-ші қаңтардан бастап ойымыз шартарапқа бөлініп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғармай жатқан кезіміз ғой. Бәрі бір күнде болмайтыны белгілі. Өйткені, қанша революция болғанда да бір күнде бәрі құрыла қоймайды.

Ақыт Беделхан, ақын:

Қайғылы қаңтардан кейінгі қалбырап, сұрыптап, салқынқандылықпен сараптайтын дүниелер айтылды. Оның үстіне Қазақстан ғана емес, Қазақстан халқына көз тігіп отырған, қыбырлаған, жыбырлаған, аңдып отырған өзге де жұрт бар. Президентіміздің алған бағыты дұрыс. Сол халыққа үлкен сенім ұялатады.


Хабарламаларға жазылу