Әлихан Смайылов Қытай елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Қытай елшісімен кездесті

31.01.2022

Қазақстан мен Қытай арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру қажет. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесуінде осы мәселені қозғады. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыс, көлік-логистика, цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтың өзекті мәселелері сөз болды. Чжан Сяо Қазақстанмен ынтымақтастық Қытайдың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Екіжақты алыс-беріс былтыр он бір айда 17 млрд доллардан асып, 13,6%-ға өскен.


Хабарламаларға жазылу