EURO-2022: Бүгін Қазақстан құрамасы Украинамен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO-2022: Бүгін Қазақстан құрамасы Украинамен кездеседі

31.01.2022

Бүгін футзалдан Еуро-2022 біріншілігінің ширек финалдық ойындары басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен ойнайды. Кездесу елорда уақытымен түнгі сағат 1-де басталады. Ойынды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Еске сала кетсем топтық сында Біржан Оразов бастаған ұлттық құраманың жігіттері қарсыластар қақпасына 14 гол соғып, 7 ұпаймен көш бастады. Соңғы ойында италиялықтарды 4-1 есебімен жеңген еді. Енді украиналықтардан айласын асырса жартылай финалда Грузия - Ресей жұбындағы жеңімпазбен кездеседі.


Хабарламаларға жазылу