Жайық өзені мемлекеттік маңызы бар су нысандарының тізіміне алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзені мемлекеттік маңызы бар су нысандарының тізіміне алынады

28.01.2022

Жайық өзені мемлекеттік маңыздағы су нысандарының тізіміне алынады. Қазір табаны құрғап бара жатқан өзенді қалыпқа келтіру үшін ғылыми негіздеме жасалып жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты. Енді өзен бойындағы шаруашылықтар да басқаша жүргізіледі. Яғни, өзен суын жан-жаққа бұрмалау азаяды. Алқапқа себілетін дақылдың түрі де алдын ала жоспарланады. Министрдің орынбасары келер жылы вегетациялық кезеңге дайындық барысын баяндады. Биыл ылғалдың аз түсуіне орай «Арал- Сырдария» бассейнінде қиын жағдай орын алуы мүмкін. Сондықтан министрлік Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан тараптарымен су ағындарының жоспарлы көлемін жіберу жөнінде жұмыстары жүргізуде.

Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Бұл климаттық жағдай, Тоқтоғұлда былтырға қарағанда былтыр бастағанда 8,7 млрд су болған. Қазіргі таңда 1,7 миллиардқа кем болып отыр. Алдымызда ақпан, наурыз, сәуір айларында жауын шашын болып су көбейетін шығар. Екіншіден біздің жүйелердің жағдайы, өкінішке орай судың 40 пайызындай суды жеткізіп беру кезінде жойылады. Бірақ үлкен жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу