Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада ерекше тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада ерекше тойланады

28.04.2014
Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада ерекше тойланады
Бірлік күні Астанада биыл ерекше форматта өткізіледі. 1-мамыр күні Орталық алаңда әдеттегі көрмелердің орнына этноауылдар құрылады.
 
Жалпы, мерекелік шаралар 14-сәуірден бастап өткізілуде.  2-мамырға дейін 40 тан астам іс-шара ұйымдастырылады.  
 
Сондай-ақ, мереке күні қаладағы 615 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. 23 этномәдени орталықтың 400-ден астам көркемөнерпазы, сонымен бірге Ресей, Түркия, Германия, Индия, Қытайдан арнайы әншілер келіп, Астана аспанын әуезді әнге бөлейді.
 
Болат Тілепов, Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
Қала жұртшылығының бастамалары бар. Қалалық Кәсіпкерлер палатасы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пакеттерін таратып, мерекелік дастархан жаяды. Сондай-ақ, азық-түлік бағаларына жеңілдіктер қарастырылған. 
 
Елдің бірлігі мен ынтымағы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жұмысы орасан зор. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Ассамблея депутаттарымен өткен жиында айтылды. 
 
Олар «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы әлемдік мәдениет пен діни келісім туралы міндеттерді талқылады. Нәтижесінде алдағы уақытта осы бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатын болады. 
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу