Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптің орташа «сары» деңгейі алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптің орташа «сары» деңгейі алынды

28.01.2022

Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптің орташа «сары» деңгейі алынды. Бұл туралы облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді. Қазір өңірде жағдай тұрақталды.

Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеуге көшті.

Аймақ тұрғындарына қалыптасқан жағдайға орай түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтылды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу