Мәжілісте әскери полиция туралы заң жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте әскери полиция туралы заң жобасы таныстырылды

26.01.2022

Еліміздегі әскери полиция органдарына бұқаралық іс-шара болатын орынға кіретін әскери және азаматтық қызметшілердің құжатын тексеру құқығы берілмек. Сондай-ақ, олар сондай кезде адамдардың көлігін, оның ішіндегі заты мен жүгін тексеріп қарау қақына ие болуы мүмкін. Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында әскери полицияның өкілетін кеңейту көзделген. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы таныстырылды.

Заңдағы өзгерістер қарулы күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, нақты орындалатын функцияларды заңнамалық бекітуге бағытталған.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу