Алматыда бүлік кезінде ұсталған 11 адам босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бүлік кезінде ұсталған 11 адам босатылды

25.01.2022

Алматыда бүлік кезінде ұсталған 11 адам босатылды. «Қаңтар оқиғасына» қатысты құрылған «Аманат» комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, изолятордан шыққандардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қоғамдық комиссия қамаудағы азаматтардың құқығы бұзылмауын бақылап отыр. Адвокат Абзал Құспанның сөзінше, босатылғандардың сот басталғанша изоляторда жатуы негізсіз. Оларға қылмыстық кодекстің 272- бабы, яғни, жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген айып тағылған. Құқық қорғаушылар бір ғана Ла-155/18 мекемесінде тәртіпсіздікке қатысы бар деген 200-ден аса адам қамауда отырғанын айтады.

Абзал Құспан, заңгер:
Қылмыстық іс қозғалып, ол бойынша әлі түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Біз бірінші кезекте үйге шығарып жатырмыз. Бас жарасын өзгертіп жатырмыз. Қамаудан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығарып жатырмыз. Ары қарай заңды шешім қабылданады. 


Хабарламаларға жазылу