Олимпиадаға Қазақстан атынан 3 биатлоншы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиадаға Қазақстан атынан 3 биатлоншы қатысады

24.01.2022

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 11 күн қалды. Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 80-нен аса спортшы қатысады. 1 ғана биатлон бойынша ұлттық құрама 12 жолдама жеңіп алды. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Мақсат Шаранов айтты. Қазақстан спортшылары бірер күнде Қытай астанасына ұшып барады.  

Олимпиадалық ауылдар өз жұмысын бастады 

Ал бүгін Бейжіңде Олимпиадалық ауыл жұмысын бастап, алғашқы делегациялар қоныстанып та үлгерді. Бұл жерге алғаш болып 20 мемлекеттің өкілдері қоныстанды. Олардың қатарында Қытай, Канада, Австралия, АҚШ және өзге де елдердің делегациялары бар. Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы 4 ақпан күні өтеді.

Жарысты «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» арналарынан тамашалай аласыздар.


Хабарламаларға жазылу