Тоқаев «Болашақ» бағдарламасын қайта реформалау қажет деп санайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев «Болашақ» бағдарламасын қайта реформалау қажет деп санайды

21.01.2022

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуі барысында «Болашақ» бағдарламасын қайта реформалау жайында сөз қозғады. Президенттің айтуы бойынша, болашақ жас мамандардың сауатын техникалық жаққа аудару қажет.

Мемлекет басшысы жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағысы келетінін айтты. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. мамандық иелерін тым көп шығарып жатырмыз. Қазір білім саласын техникалық арнаға түсіруіміз керек-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: 
«Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, бәлкім тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз. Мен әлемнің үздік техникалық университеттерінің бөлімшесін елде ашуды тапсырдым. Қазақтар жас Қазақтар техника тілін білуі керек.


Хабарламаларға жазылу