Бейжің-2022: Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды

20.01.2022

Ұлттық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарына арналған Қазақстан командасының формасын көпшілік назарына ұсынды. Ерекшелігі сол, ел атауы алғаш рет латын ғарпінде «Qazaqstan» болып жазылды. Киімдерді дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті. Бұл процеске атлеттердің өздері де қатысып, дизайны, сапасына қатысты өз ұсыныстарын білдірген. Киім Қытайдағы қысқы климатқа арнайы ойластырылған. Қазақстанның мәдени ерекшеліктері мен әлемдік сән тренді де ескерілді. Киімдегі жазуға бірегей шрифт таңдалды. Спортшылар бір аптадан соң Қытайға барады. Қысқы олимпиада ойындары Бейжіңде 4-ші ақпан күні басталып, 20-ақпанға дейін созылады. Отандастарымыз спорттың сегіз түрінен бақ сынайды.


Хабарламаларға жазылу