Қазақ елінің қарқынды дамуына бірлік пен ынтымақ негіз болуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елінің қарқынды дамуына бірлік пен ынтымақ негіз болуда

19.04.2014
Қазақ елінің қарқынды дамуына бірлік пен ынтымақ негіз болуда
Ұлттардың бірлігі Қазақ елін әлемге әйгілі етті. Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Наджи Бостанджы «Қазақ елінің халықаралық аренада жоғары беделге ие болып, экономикасының қарқынды дамуы - халқының ынтымағының арқасында», деп санайды.
 
Берекелі тірліктің арқасында Қазақ елі болашаққа нық қадам басып келеді, алдағы кезде де бұл үрдіс жалғаса беретініне сенімім мол. Туыстас ел осы бағыттан таймай, түрлі ұлт пен ұлыс ұйысқан құтты мекен бола берсін деген тілегін жеткізді.
 
Наджи Бостанджы,Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сындарлы саясатын мен қашанда құп көремін. Әсіресе Мемлекет басшыларыңыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ерекше атап өткім келеді. ХХІ сессияда Нұрсұлтан Назарбаевтың «этносаралық қарым-қатынас саяси ойынға айналмауы тиіс» деп баса айтқанын да түрік жұрты қоштап отыр. Өйткені, ұлттар арасындағы араздықты болдырмай, ел ішіндегі тыныштықты сақтап қалу мемлекеттің кемел келешегіне кепілдік береді.
 

Хабарламаларға жазылу