Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

20.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде шешуге уағдаласты.   

Хабарламаларға жазылу