Бүгін - Тарихи ескерткіштерді қорғау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Тарихи ескерткіштерді қорғау күні

18.04.2014
Бүгін - Тарихи ескерткіштерді қорғау күні
Бүгін - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Бұл мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық ассамблеялар кеңесі бекітті. 
 
Бүгін алматылық аға буын мен жас өрендер қала көшелеріндегі тарихи ескерткіштерді аралады. Райымбек батыр ескерткішінен бастап, Абай Құнанбаев, Әлия Молдағұлова, Тарас Шевченко сынды бірнеше тарихи тұлғаның ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
 
Мәдени мұрамызды қастерлеп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Әр сәулет туындысында бүгінгі ұрпаққа ой салатын тарих шежіресі жатыр. 
 
Сейіт ОмарАлматы қаласының тұрғыны: 
Райымбек батыр  жас кезінен елге еңбегі сіңге, қасиетті адамдардың бірі. Еліміздің өсіп-өнуі,тыныш болуы сол кісілердің арқасында. Осы ескерткіштерге келіп тағзым етіп, еске алып жүру керек.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу