Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару таратқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару таратқандар ұсталды

20.01.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қару таратқан күдіктілер ұсталды. Олардың сөзінше, белгісіз адамдар қорқытып, аңшылық дүкеннен ұрланған қаруды алаңға апаруға мәжбүрлеген. 19-20 жас аралығындағы жас жігіттер жедел іс-шаралар барысында қаладағы базарлардың бірінен ұсталған.

Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Күдікті: 

5-і күні қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, алаңға апарғанымыз үшін ұсталдық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарымен салғызды.

Күдікті:

Противогаз киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар болды. Олар бізге қаруды тез алып, оны алып барып беруді бұйырды. Біз оны қорыққаннан істедік, себебі қысым жасады.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу