Ақтөбе: Полиция департаменті тың бейнежазбаларымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе: Полиция департаменті тың бейнежазбаларымен бөлісті

19.01.2022

Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаскөйлердің өрт сөндіру көлігіне шабуыл жасаған видеосы жарияланды.

Бүгін облыстық полиция департаменті тың бейнежазбаларымен бөлісті. Мына видеодан ондаған адамның көлікке тас, ағаш лақтырып жатқанын көруге болады. Жүргізуші артқа жүріп, олардан сытылып кетуге тырысады. Дегенмен, екі өрт сөндіруші жарақатталған.

Ал, келесі бейнекөріністе бұзақылардың әкімдік ғимаратының ішіне кіргенсәті таспаланған. Олар бірнеше кабинетті қиратты, кеңсе техникасын ұрлап, бүлдіріп кеткен. Сондай-ақ, жиһаздар мен терезелерді сындырғаны видеода айқын көрініп тұр. Бұған дейін облыстық әкімдік ғимаратына келген шығын көлемі 300 миллион теңге шамасында екені айтылған болатын. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 25 полиция қызметкері мен 3 әскери қызметші жарақат алды. 7 қызметтік автокөлік, 300-ден астам арнайы жеке қорғаныс құралдары бүлінді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу