Қостанайда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды

19.01.2022

Қостанайда азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан алты супермаркет анықталды. Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауарлар құнын 15 процентке дейін көтерген. Сонымен қатар құс етін жеткізушілер де тауардың көтерме бағасын өз еркіне қарай қойғаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапқа тартылып, ескерту алды. Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізбек. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы шарт. Сонымен қатар мал азығын, сиыр мен ұсақ мал етін, сәбіз, картоп, пияз өнімдерін сыртқа тасымалдауға үш айға дейін тыйым салынды.

Жанар Балтабаева, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Нан бағасын тұрақтандыру үшін Ауыл шаруашылығы басқармасы, жерігілкті әкімдік және наубайханалар арасында келісім жасалды. Соған сәйкес облыс орталығында бір бөлкенің құны 90 теңгеден аспауы тиіс. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу