Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуылдың видеосы тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуылдың видеосы тарады

18.01.2022

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Шаһар әкімдігі аталған бейне кадрлердің 6 қаңтарда түсірілгенін растады. Видео телеарна көлігінің ішінен түсірілген. Түсіру тобы әкімдік ғимаратының тұсына жақындағанда белгісіз біреулер оқ жаудырған. Осы сәтте кортеж кері бұрылып, қашуға әрекеттенген. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпарат таратуға тыйым салынады».

Еске салайын, 6 қаңтар күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқанда олар мінген көлікке шабуыл жасалған болатын. Атыс салдарынан «Алматы» телеарнасының жүргізушісіне оқ тиіп, қайтыс болды. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алды.

Хабарламаларға жазылу