Әлемде мұнай бағасы 87 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы 87 доллардан асты

18.01.2022

Әлемде «Brent» маркалы мұнай бағасы жеті жылдан бері алғаш рет 87 доллардан асты. Лондон биржасында энергетикалық шикізат 0,54 пайызға қымбаттаған.

«Блумбергтің» мәліметінше, мұнай бағасының өсуіне Йемендегі көтерілісшілердің Біріккен Араб Әмірліктеріне дрондармен шабуылдауы, коронавирустың «омикрон» штамы сұранысты қатты төмендетпейді деген болжам себепші. Кейбір сарапшылар жыл соңына таман мұнай бағасы қазіргі деңгейде сақталатынын болжап отыр.

Ал, «Голдман Сакс» алдағы екі жылда «Brent» маркасының бағасы 100 долларға жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу