«Qazsport» телеарнасы футзалдан ЕURO-2022 чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы футзалдан ЕURO-2022 чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

18.01.2022
«Qazsport» телеарнасы футзалдан  ЕURO-2022 чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында 2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты Нидерландыда өтеді. Бұл жолғы додада алғаш рет 16 құрама бақ сынайды. Сонымен қатар, УЕФА шешімі бойынша ЕУРО чемпионаты төрт жылда бір рет өткізіледі.

Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Сербияда өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы В тобында Италия, Словения, Финляндиямен бірге бақ сынайды.


«Qazsport» арнасында тікелей эфирде өтетін Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

20 қаңтар, 22:30. Қазақстан — Словения

25 қаңтар, 01:30. Финляндия — Қазақстан

28 қаңтар, 22:30. Қазақстан — Италия.

4 ақпанда - Жартылай финал

6 ақпанда - Финалдық бәсеке.

Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға мүмкіндік бар.

Хабарламаларға жазылу